Роналдудың үстінен сотқа арыз түсті
Криштиану Роналду косметологиялық қызметтердің ақысын төлемегені үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
The Sun мәліметінше, доктор Рошан Равиндран 40 мың фунт стерлинг көлеміндегі қарызын өтеуді талап етіп отыр. Маман ботокс, тері күтімі және қасты көтеру сияқты процедураларды ұсынады.
Талапта Джорджина Родригестің есімі аталмаған, бірақ қызмет Роналду мен оның отбасы мүшелеріне көрсетілгені көрсетілген.
«Қазір сот процесі жүріп жатыр. Кәсіби маман ретінде мен пациенттерімді талқыламаймын», - деді косметолог.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или