Руд ван Нистелройға жаңа клуб табылды
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы уақытша бас бапкері Руд ван Нистелрой - германиялық «Гамбург» (Екінші Бундеслига) бас бапкері лауазымына үміткер, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sky Germany ақпараты бойынша, үміткерлер қатарында Лукас Квасник («Падерборн»), соңғы уақытта «Дармштадт 98-де» жұмыс істеген Торстен Либеркнехт және Дэвид Вагнер бар.
Ван Нистелрой ойыншы карьерасында «Гамбургте» ойнаған. Неміс клубы сапында экс-форвард 44 матч өткізіп, 17 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
⏳ Ван Нистелрой былтыр жазда «Манчестер Юнайтедке» бапкердің көмекшісі ретінде келген. Эрик тен Хаг қызметінен босатылғаннан кейін 48 жастағы маман «қызыл сойқандардың» уақытша бас бапкері қызметін атқарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или