Волейболдан ел чемпионатында «Жайық» «Ұшқын-Көкшетауды» жеңді

Волейболдан ел чемпионатында «Жайық»  «Ұшқын-Көкшетауды» жеңді

Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші тур ойындары бір күндік үзілістен кейін қайта жалғасты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Дүйсенбі күні алғашқы болып алаңға «Жайық» (Орал) және «Ұшқын-Көкшетау» командалары шықты.

Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар бұған дейін «Павлодарды» ұтса, көкшетаулықтар (бас бапкері Александр Стольников) жалғыз ұпаймен көш соңында еді. 

Бастапқы екі партияда В.Козик шәкірттері айқын басымдылық танытты – 25:14, 25:12. Үшінші партияда «Ұшқын-Көкшетау» алға кетті. В.Козик ойыншылар алмастырып, жағдайды түзетуге тырысып бақты. Есеп 24:21 болған мезетте А.Стольниковтің шәкірттері үш бірдей сетболды пайдалана алмады. Виталий Эрдштейн доп берген сәтте оралдықтар үшінші сетті де өз пайдасына шешті – 26:24. Жалпы есеп – 3:0.

«Жайық» 7 ұпаймен турнир кестесінде әзірге бесінші орынға көтерілді.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или