«Эвертонның» бұрынғы футболшысы ҚПЛ-дан кетуі мүмкін
«Тобылдың» тоголық шабуылшысы Давид Енен жақын арада Премьер-Лигадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Эвертонның» бұрынғы ойыншысы Давид Енен «Тобылдан» кетуі мүмкін. Қазақстанға биыл ақпан айында ғана қоныс аударған 28 жастағы шабуылшы Грекия мен Кипр клубтарынан кем дегенде бір ұсыныс алған. Қазіргі уақытта оларды қарастырып отыр.
Айта кетейік, өткен қыста Енен «Тобылмен» 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін келісімшартқа отырған. Кейінгі премьер лиганың-19 матчында тоголық алты гол соқты. Еуропа лигасында да гол соқты. Бұған дейін ол жоғарыда айтылғандай «Стандарт», «Андерлехт», «Олимпиакос» және басқа да бірқатар клубтарда ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или