Парадзюдо спорты: Қазақстан құрамасы Grand Prix турнирінде топ жарды

Парадзюдо спорты: Қазақстан құрамасы Grand Prix турнирінде топ жарды

Астанада өтіп жатқан парадзюдодан Grand Prix турнирі өз мәресіне жетті.

Екінші жарыс күні қазақстандықтар 6 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

J1 санатында Динара Кужулова (70 келі), Абылай Әділбеков (95 келі) және Ерлан Өтепов (+95 келі) жеңімпаз атанды. Ал J2 санаты бойынша Ерлан Конкиев (95 келі), Жұқамырза Шүкірбеков (+95 келі) және Айдана Ғазизқызы (+70 келі) чемпион болды.

Сондай-ақ, отандасымыз Талғат Әжғалиев (J2 - +95 келі) және Бағланбек Оңалбек (J1 - +95 келі) қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы есепте 14 медальмен (6 алтын, 4 күміс, 4 Қола) бірінші орыннан көрінді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или