Рысбек Байдуллаев OCTAGON 66 турнирінде қырғыз файтерін қылқындыру әдісімен жеңді
Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 66 турнирі аясында кезекті жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақ дәрежесінде UNDERDOG MMA Гран-приінің жеңімпазы қазақстандық Рысбек Байдуллаев (6-3) қырғызстандық Ертабылды Қимановпен (5-3) кездесті.
Бірінші раунд қазақстандықтың басымдылығымен өтті, ал екінші бес минуттық кезеңде Байдуллаев қарсыласын қылқындырып, жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или