OCTAGON 66: Өзбекстандық файтер қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 66 турнирінде жекпе-жек кешінің жетінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта өзбекстандық Сайдатахон Нуриддинов (5-2) Қазақстан файтері Махир Алиевпен (2-2) кездесті.
Жекпе-жек 1 раундқа созылып, техникалық нокаутпен өзбекстандық файтер жеңіске жетті.
Жекпе-жек кеші аясында қазақстандық блогер әрі файтер Ақтөре Батырбек (7-1) октагонда қырғызстандық Ырысбек Тіленовпен (5-1) кездеседі.
Турнирдің басты жекпе-жегінде ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы, қазақстандық Георгий «Рыцарь» Кичигин (30-10) ресейлік Хамзат Чапановқа (14-3) қарсы титулын қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или