Иан Гэрри келесі қарсыласы – қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді

Иан Гэрри келесі қарсыласы – қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді

Жартылай орта салмақтағы ирландиялық жауынгер Иан Гэрри келесі қарсыласы – қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Рахмонов пен Гэрри Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің жекпе-жегінде чемпиондық атаққа басты үміткерді өзара анықтайды.

«Шынын айтсам, мен Шавкатпен жекпе-жек өткізуді талап еттім. Жеңілістің дәмін татпағандар күш сынассын деп тырыстым. Біз Шавкат екеуміз бірге жаттықтық және бір-біріміздің қаншалықты мықты екенімізді білеміз. Екеуміз де бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Мүмкін, ол маған қарағанда аз құрмет көрсететін шығар, бірақ бұл қалыпты жағдай. Біздің мансабымыздың осы кезеңінде солай болуы тиіс», – деді Гэрри.

Айта кетейік, 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің ресми постері жарияланды.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или