Константин Горовенко «Тұранның» тізгінін ұстайды
«Серый CARDINAL» Telegram арнасы танымал қазақстандық маман Константин Горовенконың болашағы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тұран тізгінін Горовенко ұстайды. Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Константин Горовенконың «Тұран» командасының жаттықтырушысы болу ықтималдығы өте жоғары. Өз кезегінде Ринат Алюетов клубтан кетеді», - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, қазан айында ҚФФ Константин Горовенко мен Елдос Ахметовтің Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың көмекшілері болып тағайындалғанын хабарлаған болатын. Жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов болуы керек еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или