Антикор ізіне түсті. ҚФФ-ның бұрынғы басшысының қызметі тексерілуде
Legalbet.kz журналисі Анар Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұловтың қызметін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 қарашада ҚФФ өкілдерінің кезектен тыс отырысында 53 жастағы Барменқұлов қызметінен кетті. Ол федерацияны 2022 жылдан бері басқарып келді.
Барменқұлов осы жылдар ішінде «Тамос» физика-математика мектебінің директоры, «Аналит» мұнай және мұнай өнімдерін сараптау және сертификаттау орталығының бас директоры, «Таймас» компаниялар тобының жетекшісі, ҚР Көлік және коммуникация комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Көлік және коммуникация министрлігі, «Қазақмыс» корпорациясы төрағасының орынбасары, т.б қызметтерде тер төккен.