«Қайсарға» келер маусымда аз ақша бөлінеді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қайсарды қаржыландыруға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz .
«Біз «Қайсар» командасын қолдауға барлық қаражатты бөле алмаймыз. Бізде өзекті мәселелер бар және ең маңызды жобалар бар. Шетелдік ойыншыларға олай ақша бермеуіміз керек. Клуб басшысы жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші орында болуымыз үшін бюджетті көбейтуді сұрайды. Мен бюджеттен 5 миллиард теңге бөліп, чемпион болғым келмейді. Мойындаймын, қазір бюджеті аз командалардың қатарындамыз», - деп келтіреді Kazfootball.kz Нәлібаевтың сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қайсар» ҚПЛ-да сегізінші орын алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или