Қызылорда әкімі «Қайсарға» бөлінетін бюджет туралы айтты

Қызылорда әкімі «Қайсарға» бөлінетін бюджет туралы айтты

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Қайсар" футбол клубының бюджеті туралы пікір білдірді.

- Сырттан келген ойыншыларға босқа ақша төлегеннен гөрі тұрғындар пайдалы маңызды жобаларды қолға алғанымыз жөн. Маған да клубтың басшысы келіп, "қаражатты көбейтсек, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз, бірінші орын аламыз" дейді. Бюджеттен 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық дедім. "Қайсар" – бюджеттен ең аз қаражат қарастырылған команда, мен оны мойындаймын.

Бюджет жағынан ең төменгі орындарда тұрғанымыз анық. Бірақ сол ақшаны ауылдарда спортты дамытуға бөлгеніміз дұрыс. 80 спорт алаңы салынды. Стадион салынып жатыр. Спорт кешендері салынып жатыр. Біздің мақсат – қалаға көрік беретін ғимараттар емес, қаракөздерімізді тәрбиелейтін, пайдасы тиетін нысандар салу, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или