Әлем чемпионы атанған шымкенттік боксшы қомақты сыйақыға ие болды

Әлем чемпионы атанған шымкенттік боксшы қомақты сыйақыға ие болды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионы Санжар-Али Бегалиев пен оның жеке жаттықтырушысын қабылдады. Әкім жас спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, оның жетістігі тек Шымкент қаласының ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройын асқақтатқанын атап өтті.

Кездесу барысында Санжар-Алидің спорттағы жетістіктері, дайындық барысы және алдағы жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, жаттықтырушының еңбегі жоғары бағаланып, оларды қолдау мақсатында тиісті көмек көрсету мәселелері сөз болды.

Қала әкімі жас спортшыға алдағы додаларда сәттілік тілеп, оған Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан барлық жағдай жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, қала әкімінің алғыс хаты мен ақшалай сертификат табысталды. Санжар-Али Бегалиев өз кезегінде көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Будвада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Санжар-Али Бегалиев 75 келі салмақ дәрежесінде жалпы 5 кездесу өткізіп, алтыннан алқа тақты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или