Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» «Павлодарды» ұтты

Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» «Павлодарды» ұтты

Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Ақтөбе» және «Павлодар» өзара кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Павлодарлықтар (бас бапкері Сергей Грибов) көктемде ел біріншілігін күміс жүлдемен қорытындыласа, Сергей Трикоз жаттықтыратын «Ақтөбе» жаңа маусымда Қазақстан кубогында жеңімпаз атанған болатын.

Тәжірибелі волейболшылардан жасақталған «Ақтөбе» клубы сол кубоктағы қарқынын жалғастырып, 3:0 (25:17, 25:17, 25:23) есебімен жеңіске жетті.

Бұдан кейін «Жайық» (Орал) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары алаңға шықты. Биылғы ел кубогында Виктор Козик баптайтын оралдықтар күміс, ал Марат Адрышевтің шәкірттері қола жүлдеге қол жеткізген еді.

Бұл жолы талдықорғандықтар матчты қарқынды бастады — 25:14. Содан кейін екі сет тартысты өрбігенімен, «Жетісу» дегеніне жетті — жалпы есеп — 3:0 (25:14, 25:23, 25:21).

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или