Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуде қай командалармен ойнауы мүмкін
Ұлттар лигасының топтық кезеңі аяқталған соң, 2026 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің жеребесіне арналған себеттер белгілі болды.
Жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда Швейцарияның Цюрих қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 4-себетке түсті. Бұл себеттегі командалардан басқалары Қазақстан футболшыларына ықтимал қарсылас саналады.
Қазақстан құрамасының ықтимал қарсыластары:
Бірінші себет: Франция, Испания, Англия, Португалия, Бельгия, Нидерланд, Италия, Германия, Хорватия, Швейцария, Дания, Австрия;
Екінші себет: Сербия, Украина, Турция, Швеция, Уэльс, Польша, Венгрия, Грекия, Норвегия, Румыния, Словакия, Чехия;
Үшінші себет: Шотландия, Словения, Ирландия, Финляндия, Грузия, Албания, Солтүстік Македония, Исландия, Солтүстік Ирландия, Босния және Герцеговина, Черногория, Израиль;
Төртінші себет: Болгария, Люксембург, Армения, Косово, Қазақстан, Әзербайжан, Эстония, Кипр, Литва, Фарер аралдары, Латвия;
Бесінші себет: Молдова, Мальта, Андорра, Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино.