ҚФФ президенті 20 желтоқсан күні сайланады
Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Кезектен тыс ХХVI конференциясы өтіп, ҚФФ президенті сайлауы күні бекітілді.
Конференция барысында Ә.Н. Барменқұловтың өз еркімен қызметінен кетуіне қатысты маңызды сұрақтар қаралып, ҚФФ Кезектен тыс сайлау конференциясының өтетін уақыты бекітілді.
Күн тәртібінде 2024 жылдың 20 желтоқсан күніне бекітілген Кезектен тыс сайлау конференциясының төрағасы ретінде Талғат Қосмұхамбетовті тағайындау туралы шешім қабылданды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или