Қазақстан футбол федерациясының ХХVI конференциясы өтті

Қазақстан футбол федерациясының ХХVI конференциясы өтті

Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Кезектен тыс ХХVI конференциясы онлайн-режимде өтті.

Жиналысқа өңірлік футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелері, сондай-ақ ҚР туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, ФИФА мен УЕФА өкілдері қатысты.

Конференция барысында Ә.Н. Барменқұловтың өз еркімен қызметінен кетуіне қатысты маңызды сұрақтар қаралып, ҚФФ Кезектен тыс сайлау конференциясының өтетін уақыты бекітілді.

Күн тәртібінде 2024 жылдың 20 желтоқсан күніне бекітілген Кезектен тыс сайлау конференциясының төрағасы ретінде Талғат Қосмұхамбетовті тағайындау туралы шешім қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың өкілеттігі өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш беруіне байланысты тоқтатылды.

Бұған қоса, конференция барысында Абай облысы футбол федерациясының ҚФФ құрамындағы мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ұйым жарғысын ҚФФ жарғысының талаптарына сәйкестендіру қажеттілігімен және Қазақстан Республикасының азаматтығы бар Федерацияның жаңа президентін сайлаумен байланысты қабылданды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или