Черчесов Рамазан Оразов пен Максим Самородов жайлы айтты
Станислав Черчесов «Спорту День за Днем» басылымына берген сұхбатында көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Байқағаным, бұрын жеке ойыншылар жайлы шешімді аз қабылдайтын болсаңыз, қазір бәрі басқаша. Оның себебі неде?
— Кейде адамдарға бәрін бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп отыру керек. Қазақстанда қазір осымен айналысып жүрмін. Біреудің көңілінен шығу үшін емес, ойымдағын қалай бар, солай айтамын. Австриямен матч алдында «Силькеборгта» жүрген Оразовты неге шақырмадыңыз деген сұрақ қойылды. Алғашқы екі оқу-жаттығу жиынында ол бізбен бірге болды. Бірақ, футболшы кейде өз жағдайына сырт көзбен қарау керек болады. Өзі бізбен бірге, бірақ ойы басқа жақта екенін сездім. Біз оған ойлануға, жағдайды қайта бағалауға көмектесуіміз керек.
— Максим Самодовтың «Ахматтағы» бейімделу кезеңі ұзаққа созылды, команда нәтиже көрсетпей жатыр. Оған көмектесетін қандай жол бар?
— Мен барлығына көмектесуге, қолдау көрсетуге тырысамын. Самородов пен Оразовтар да осы тізімде. Тағы бір жайт, көмек әркімге әртүрлі: Самородов бұрынғы оқу-жаттығу жиынында Оразов сияқты жағдайға тап болды. Самородовты «Ахматта» алаңда көріп жүрмін, ал Оразов «Силькеборгта» ойнап жүрген жоқ. Самородов өз жағдайын қалпына келтіргісі келеді, яғни біз оған көмек қолын созамыз. Оразов тынығып, бәрін түсініп, келесі жиында біздің қатарымызға қосылады деп үміттенемін. Кішкентай баладан ойыншықты тартып алмағанша, ол бірдеңе дұрыс емес істеп жатқанын түсіне алмайды. Ойыншықты тартып алу басқа да, уақытша бір жерге қою тұру басқа. Бұл жұмыс барысы, оны эмоциясыз қабылдау керек. Әлде, біреулер Қазақстан құрамасының ойыншыларын шақырмай, қуудан басқа менің шаруам жоқ деп ойлай ма? Мбаппенің өзі Франция құрамасына шақырту алмады! Сондықтан, бәрі мүмкін.