Жансай Смағұлов мансабын аяқтады
Танымал қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов (73 келі) спортшы ретіндегі мансабын аяқтап, жаттықтырушылықпен айналысуға бел буды, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы қарағандылықтың соңғы жарысы Австрияның Линц қаласында (8-10 наурыз) өткен Әлемдік Гран-при кезеңі болды. Онда 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші раундта мексикалық Улисес Мендеске қарсы жекпе-жекте жарақат алып, жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осы себепті Смағұлов жоғары деңгейдегі дзюдошы ретінде татамиден кетуге мәжбүр болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или