Жансай Смағұлов кәсіби мансабын аяқтап, бапкерлік қызмет атқармақ

Жансай Смағұлов кәсіби мансабын аяқтап, бапкерлік қызмет атқармақ

Қазақстандық танымал дзюдошы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Отандық танымал дзюдошы Жансай Смағұлов ресми түрде карьерасын аяқтады. Спортшы екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионатына қатысқан жоқ.

32 жастағы дзюдошы жаттықтырушылық қызмет атқармақ. Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің айтуынша, қарағандылық балуанның жарақаты болып, соны емдеткен. 

Соңғы рет Жансай наурыз айында Аустрияның Линц қаласында өткен әлемдік гран-приге қатысқан. Сол кезде мексикалық Улисес Мендесті жеңген соң, жарақатына байланысты келесі айналымда күресе алмады.

Жансай Смағұлов – Қарағанды облысы, Шет ауданында дүниеге келген. Екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан (Рио, Токио). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Үш рет әлемдік гран-приде топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или