Астана қаласының әкімі Жәмила Бақбергенова мен бапкеріне сыйақы табыстады
Астана әкімі Жәмила Бақбергеноваға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыздар күресінен әлемнің төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергеноваға 1 млн теңге көлемінде сыйақы және iPhone смартфонын табыстады.
Бұл туралы балуанның өзі әлеуметтік желіде хабарлады. Әкімдік сондай-ақ, оның жеке бапкері Нұрсұлтан Теміровке де дәл осындай сыйақы табыстаған.
Еске салайық, Жәмила Бақбергенова биыл Албанияда өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша ол әлемнің үш дүркін күміс және бір дүркін қола жүлдегері атанып отыр.
Финалда отандасымыз жапон балуаны Ами Ишиге есе жіберді.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или