ҚПЛ үздік бомбардирі «Қайратпен» жаңа келісімшартының мән-жайын айтты

ҚПЛ үздік бомбардирі «Қайратпен» жаңа келісімшартының мән-жайын айтты

Бразилиялық футболшы Жоао Пауло «Қайрат» сапында Қазақстан чемпионы атанған соң TV Globo-ға берген сұхбатында келер маусымда Қазақстанда қалатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің келісімшартым ұзартылды, қаңтарда маусым алдындағы дайындыққа ораламын, сол кезде «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын өте маңызды жылға дайындықты бастаймыз. 36 жасқа толған шағымда мансабымды тағы бір жыл Қазақстанда жалғастыру өте жақсы таңдау», - деді бразилиялық ойыншы.

Айта кетейік, 36 жастағы Жоао Пауло Қазақстанда 2019 жылдан бері доп теуіп жүр. Алты маусым ол Премьер-лигада 146 матчқа қатысып, 74 гол соқты 30 нәтижелі пас берді. Ал ҚПЛ-2024 маусымында 24 кездесуде алаңға шығып, 10 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или