Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Мария Агапова АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында өткен кәсіпқой бокс кешіндегі өнерінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде Мария Агапова америкалық Стейши Саттлздан төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалды. Бұл спортшының кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі болды.
«Бұл нағыз соғыс болды. Бұрышта менімен бірге болған бапкеріме алғыс айтамын. Жеңіске сәл жетпей қалды. Менің бапкерім Роджер Кралға, ұйымдастырушыларға және менеджеріме алғысым шексіз. Жақында ораламын деп үміттенемін, бірақ тек жалаң жұдырықпен айқасқа. Желтоқсан», – деп жазды Агапова әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, Агапова бұған дейін UFC-де екі жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или