Мәскеудегі түнгі клубта күзетшілер ММА файтерін соққыға жықты
Аралас жекпе-жек файтері Кирилл Фоменков Мәскеудегі Илья Лагутенконың «Мумий Тролль» барында соққыға жығылған, деп хабарлайды Prosports.kz.
SHOT телеграм-арнасының мәліметінше, сенбі күні түнде Фоменков мекеменің күзетшілерімен сөз таластырып, арты төбелеске ұласқан.
Фоменковты ауыр жарақаттармен Склифосовский атындағы ауруханаға жеткізілген.
Айта кетейік, Фоменков кейінгі кездесуін 2023 жылдың қаңтар айында ACA 151 турнирі аясында өткізген болатын. Сол кезде Кирилл үшінші раундта техникалық нокаутпен Александр Поднебесныйға есе жіберген. Жалпы, оның есебінде жеті жеңіс, алты жеңіліс және бір тең нәтиже бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или