Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Дүйсенбі күні аралас командалық сайыста жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Жекелей жарыста Ақтөбе, Абай облысы және Астана қаласы өкілдері медаль саны жөнінен үздік үштікке іліккенімен, олардың бірде-біреуі командалық бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көріне алмады.

Қола жүлде үшін алғашқы болып Қарағанды және Қызылорда дзюдошылары татамиге шықты. Мұнда қарағандылықтар 3:1 есебімен алға кеткенімен, қызылордалықтар таразы басын теңестірді. Қосымша белдесуде 90 келіге дейінгі салмақта қызылордалық Айғали Қалдыбек пен қарағандылық Ұлан Алтаев қайта сынға түсті. Негізгі додада Ұлан Айғалиға есе жібергенімен, бұл жолы қарымта қайтарып, командасына жеңіс әперді – 4:3.

Сондай-ақ атыраулықтар Жамбыл облысы командасын 4:2 есебімен ұтып, екінші қола жүлдеге ие болды. Мұнда Атырау сапында Дана Әбдірова, Эсмигуль Куюлова және Айымзада Думанқызының өз командасына үш ұпай сыйлағанын атап өткен жөн.

Финалда Алматы қаласы мен Алматы облысының өкілдері күш сынасты. Мұнда есеп 3:2 болған мезетте 70 келіден астам салмақта Алматы қаласынан Ақерке Рамазанова мен облыс атынан Екатерина Токарева шықты. Е.Токарева жекелей жарыста 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанғанымен, Ақеркенің салмағы әлдеқайда басым екендігі байқалып тұрды. Алдымен Екатерина белсенді болғанымен, А.Рамазанова қарсыласын таза жеңіп кетті. Қорытынды есеп – 4:2, Алматы қаласы өкілдері аралас командалық сайыста чемпион атанды.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или