ҚФФ 26-шы конференциясында талқыланатын мәселелер белгілі болды

ҚФФ 26-шы конференциясында талқыланатын мәселелер белгілі болды

2024 жылғы 19 қарашада Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс 26-шы конференциясы өтеді.

Prosports.kz қолда бар мәліметі бойынша конференциясында атқару комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Қосмұхамбетовты тағайындау, сондай-ақ ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың өкілеттігін тоқтату күн тәртібінде болады.

Бұдан басқа, іс-шарада сайлау комитетінің мүшелері айқындалады және Абай облысы футбол федерациясының ҚФФ құрамындағы мүшелігін оның Жарғысы ҚФФ Жарғысының талаптарына сәйкес келген және жаңа президент қайта сайланған сәтке дейін тоқтата тұру мәселесін қарайды.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или