Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет үздік бестікке енді

Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Квактың шәкірттері бесінші орын үшін бәсекеде Франция құрамасымен кездесті.

Топтық бәсекеде қазақстандықтар франциялықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 

Екінші бәсекеде Заңғар Нұрланұлы Муаз Куамеге есе жіберді - 1:6, 2:6.

Шешуші, жұптық сында Дамир Жалғасбай - Даниэль Тазабеков Муаз Куаме - Даниэль Жадты тізе бүктірді - 6:3, 1:6, 10:5.

Өткен жылы командалық әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 10-орынға іліккен еді. Бұл жолы көрсеткішін едәуір жақсартып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или