Рыбакина Билли Джин Кинг кубогы матчында жеңіске жетті
Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында Билли Джин Кинг кубогы аясында кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыс күнінің екінші кездесуінде қазақстандық Елена Рыбакина кореялық Со Хен Пакты жеңді - 6:2, 6:2.
Матч 1 сағат 7 минутқа созылды.
Осылайша Қазақстан 2:0 есебімен алға шықты.
Ертеңге екі жекелей және бір жұптық сында кездесу жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, бес матчтың қорытындысы бойынша ең мықты құрама 2025 жылы бірінші әлемдік топтың іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или