Айбол Әбікен мен үш легионер «Ордабасыдан» кетті
Шымкенттік «Ордабасы» сапынан төрт футболшы кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, командадан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен кетті. ҚПЛ-2024 маусымында ол 25 матчқа қатысты.
Одан бөлек Артем Беседин келісімшартының аяқталуына байланысты клубпен қоштасады. Ол 2023 жылы Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алуға клубқа үлкен үлес қосты. «Ордабасы» сапында 32 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Ловро Цвектің де клубпен келісімшарты аяқталды. Бұл маусымда хорватиялық жартылай қорғаушы 21 матч өткізді.
Тағы бір легионер Игорь Пластун келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты шымкенттік клубпен қоштасты. Биыл Игорь 36 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или