Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы халықаралық жарыста күміс медаль иеленді
Эстонияда 11-17 қараша аралығында Tallinn Trophy халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Никита Кривошеев жасөспірімдер арасында қысқа және еркін бағдарлама бойынша 176.14 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Чемпион атағын 189.50 ұпаймен Швейцариядан келген Ян Вайлер жеңіп алды, ал үздік үштікті 172.35 ұпаймен швед Хьюго Бостедт қорытындылады.
Бұған дейін дәл осы турнирде әйелдер арасындағы жеке бағдарламада қазақстандық Софья Самоделкина күміс медаль иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или