Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
«All Stars Boxing» промоутерлік компаниясы 27 желтоқсанда Алматыда қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (14-0-0,13 КО) жекпе-жек өткізетінін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.
Иванның қарсыласы ресейлік Виталий Кудухов (7-2-0,3КО) болады. Ол ауыр салмақта Бүкілресейлік Гран-при «Нокаут патшалары» жүлдесін жеңіп алды және әлемдегі ТОП 150 ауыр салмақтың қатарына кіреді.
Иван Дычко кейінгі рет рингке осы жылдың тамыз айында АҚШ-та шығып, америкалық боксшы Крейг Льюсті (15-8-1, 8КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или