Қаражат жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат федерация басшысы қызметінен босатылды

Қаражат жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат федерация басшысы қызметінен босатылды

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Пара үстел теннисі федерациясының Instagram-дағы парақшасында ресми мәлімде жарияланды.

"Перизат Қайрат ұсталуына және тергеу жүріп жатқанына байланысты ол бұдан бұлай осы ұйымның президенті емес. Шешім 2024 жылғы 14 қарашада федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды. Ол тағайындалған сәттен бастап оның басшылығымен ешқандай ресми отырыстар мен жұмысқа қатысты бұйрықтар өткізілмегенін атап өткіміз келеді. Біз пара үстел теннисі мен спортшыларымыздың дамуын қолдай отырып, ашықтық пен заңдылық қағидаттарына сәйкес жұмысты жалғастырамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды. Қаржы агенттігінің мәлімдеуінше, Перизат Қайрат қорға түскен ақшаның негізгі бөлігін жылжымайтын мүлік пен бағалы заттар сатып алуға жұмсаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или