Америкалық спортшы теннис тарихындағы ең үлкен айыппұл алды (видео)

Америкалық спортшы теннис тарихындағы ең үлкен айыппұл алды (видео)

Әлемнің 18-ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо Шанхайдағы (Қытай) Мастерс турнирінің үшінші раундында ресейлік Роман Сафиуллиннен жеңіліп, төрешіге тіл тигізгені үшін 120 мың доллар көлемінде айыппұл алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші 5:7, 7:5, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Үшінші сетте төреші Тиафоға уақыт созғаны үшін үш рет ескерту жасады. Үшінші ескерту тай-брейктегі 5:5 есебінде болды, сол себепті америкалық теннисші бірінші подачасынан айырылды. Нәтижесінде Фрэнсис осы және келесі ұпайын жоғалтып алды. Матч аяқталғаннан кейін Тиафо төрешіге бірнеше рет тіл тигізді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или