Ислам Чесноков пен Максим Самородов: Қазақстанның үздік футболшысына "Алтын доп" жүлдесі табысталды

Ислам Чесноков пен Максим Самородов: Қазақстанның үздік футболшысына "Алтын доп" жүлдесі табысталды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасын қорытындылау мақсатында отандық журналистер биылғы маусымның үздік ойыншыларын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соққы және гол» Youtube-арнасы ұйымдастырған іс-шарада Қазақстанның 30 журналисі футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымының қорытындысы бойынша үздік 10 ойыншыны таңдады. Оларға ұпай 15, 12, 10, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1 балл беру жүйесі бойынша берілді.

Бұл дауыс берудің қорытындысы бойынша «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік бапкер», «Үздік жас ойыншы», «Алтын доп» аталымдарына лайық деп танылған футболшылардың есімдері белгілі болды.

Үздік қақпашы – Егор Хаткевич (Атырау);
Үздік қорғаушы – Кипрас Казуколовас (Астана);
Үздік жартылай қорғаушы – Гиорги Зария (Қайрат);
Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков (Тобыл);
Үздік бапкер – Виталий Жуковский (Атырау);
Үздік жас ойыншы – Максим Самородов;
«Алтын доп» иегері – Ислам Чесноков (Тобыл).

Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 47 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» клубы чемпион атанса, ал 46 ұпай еншілеген «Астана» 2-орынды қанағат тұтты. «Ақтөбе» 43 ұпаймен 3-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или