14 жасар ауыр атлет сенсациялық түрде ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды
Осы күндері ауыр атлетикадан әйелдер арасында 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Алматы облысынан келген 14 жастағы Ксения Прозорова алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас зілтемірші ересектер арасындағы республикалық чемпионатты қатарынан екінші рет бағындырып отыр. Талдықорғанда өтіп жатқан биылғы турнирде Ксения Прозорова қоссайыс бойынша 190 келіні (87+103) бағындырды.
Бір қызығы, бұл дарынды спортшы бәсекелестерінен біраз озып кетті.
Қарағандылық Дарья Балабаюк чемпионнан 16 келіге – 174 келіге (78+96) жеңілсе, қола жүлдегер Жетісу өңірінен келген Валерия Иванова 20 келіге – 170 келіге (80+90) қалып қойды.
Бұған дейін Қостанайда өткен республикалық чемпионатта екі жаттығудың қосындысында 175 келіні (80+95) бағындырған Ксенияға тең келер ешкім болмады.