Жаттықтырушылар мен спорт шеберлері: Антикор бірнеше жалған спортшыларды атақтарынан айырды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше жалған спортшылардың спорттық атақтарынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 17 облыста жаттықтырушылық, оқытушылық және спорттық қызметпен айналысатын тұлғалардың жалған дипломдарды пайдалануының 260-тан астам фактісі анықталған.
- Спортшы Арман Әшімовтің жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын заңсыз алған бірнеше адам туралы айтқан ақпаратына тоқталдық. Тергеу қорытындысы бойынша бұл тұлғалар аталған атақтарынан айырылды, оларға бұл атақты берген тұлғалар сотталды, – деді Биғайдаров.
Биғайдаровтың хабарлауынша, барлық материалдар ішкі істер органдарына өткізіліп, 180 адаммен еңбек шарты бұзылған.