Қазақстан – Австрия: бейнешолу

Қазақстан – Австрия: бейнешолу

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 5-туры аясында өз алаңында Австрия құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 0:2 есебімен аустриялықтардың пайдасына аяқталды.

Қонақтар сапында Кристоф Баумгартнер (15-минутта) және Михаэль Грегорич (25-минутта) голдың авторы атанды.

Матчтың 23-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Марочкин қызыл қағаз алды. Нәтижесінде алаң иелері ойынды 10 футболшымен жалғастыруға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы төртінші жеңілісі. Бұған дейін Станислав Черчесов шәкіттері Норвегия 0:0 есебімен тең түсті, Австрияға қарсы бірінші матчта 0:4 есебімен жеңіліп қалды және Словенияға екі рет жол берді - 0:3, 0:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или