Диего Форлан кәсіпқой теннистегі алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Диего Форлан кәсіпқой теннистегі алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы футболшысы Диего Форлан кәсіпқой теннистегі алғашқы кездесуіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен өзімді сәл теннисші сезіндім», - деп келтіреді уругвайлықтың сөзін Punto de Break.

Монтевидеодағы (Уругвай) турнирде бұрынғы футболшы Федерико Кориямен жұптасып, Борис Ариас пен Федерико Себальосқа есе жіберді. Кездесу 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Диего Форлан 2010 жыліы әлем чемпионатының үздік ойыншысы, 2011 жылғы Америка кубогының жеңімпазы, «Алтын бутса» жүлдесінің екі дүркін иегері.

Естеріңізге сала кетейік, Уругвай құрамасының бұрынғы шабуылшысы футбол карьерасына көңіл бөлу үшін 16 жасында теннистен бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или