Азия Олимпиадалық кеңесі ұйым комитеттеріне енген жаңа мүшелерін таныстырды
Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) ұйым комитеттеріне енген жаңа мүшелерін таныстырды, ұйымның спорт комитетіне Геннадий Головкин тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz
ҰОК мәліметінше, тағайындау туралы шешімді Азия Олимпиадалық кеңесінің президенті Раджа Рандхир Сингх Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен АОК-тың 44-ші Бас ассамблеясында қабылдады.
АОК комитеттерінің құрамына Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшылары мен қызметкерлері енді. Спорт комитетіне Қазақстанның ҰОК президенті Геннадий Головкин тағайындалды.
Бас хатшы Әлімжан Ақаев Халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі болды. PR және маркетинг департаментінің директоры Гүлназ Шүкенова Медиа және БАҚ комитетіне кірді, ал cпорт департаментінің бас менеджері Роман Теміржанов Ақпарат және статистика комитетіне қосылды. Сонымен қатар Орталық Азияның Аймақтық антидопинг ұйымының (RADOCA) директоры Венера Абдулла антидопинг комиссиясының мүшесі атанды.
Сонымен, бұл жаңартылған АОК комитеттері 2028 жылға дейін қызмет атқаратын болады.