Зарина Дияс Қазақстан құрамасына оралу туралы мәлімдеме жасады

Зарина Дияс Қазақстан құрамасына оралу туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы сапында ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл Зарина үшін 2020 жылғы ақпаннан бері Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матч болмақ. Себебі ол жарақатына байланысты бірқатар турнирден қалыс қалды. 

«Қарсыластарым туралы көп біле бермеймін, бірақ бұл оларды бағаламау керек дегенді білдірмейді. Бәріміз дайынбыз және жеңіске жетуге тырысамыз. Осындай ұзақ үзілістен соң тенниске, құрамаға оралғаныма қуаныштымын! Қазақстан атынан өнер көрсету мен үшін абырой. Кортқа шығарса, ойнауға дайынмын», - деді Зарина.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 16-17 қарашада Астанада «Билли Джин Кинг кубогының» плей-офф кезеңінде Корея Республикасымен кездеседі. Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы мына теннисшілерге сенім артып отыр: Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или