Уругвай құрамасының бұрынғы ойыншысы Диего Форлан теннистегі кәсіби мансабын бастады
Диего Форлан теннистегі кәсіби мансабын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz
Уругвайлық 45 жастағы экс-шабуылшы алғашқы кәсіби теннис турниріне қатысты. Осыған дейін әуесқойлар арасында ойнаған еді.
Форлан Федерико Кориямен бірге Uruguay Open ATP Challenger жұптық сынында бақ сынап, 1/8 финалда боливиялықтарға 1:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Кезінде «Манчестер Юнайтед», «Атлетико» және «Интер» сынды т.б. клубтарда ойнаған Диего 2019 жылы футболдағы мансабын аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или