FIFA футболға жаңа ереже енгізгу жолдарын қарастыруда

FIFA футболға жаңа ереже енгізгу жолдарын қарастыруда

FIFA футболға жаңа ереже енгізгісі келеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы жаңа ережені талқылап жатыр. Бұл ойын барысына әсерін тигізуі мүмкін.

Атап айтқанда, VAR жүйесін қарауға өзгеріс енгізілмекші. Яғни, қазір бұл мүмкіндік тек бас төрешіге ғана берілсе, болашақта бапкерлер де теннистегідей челлендж (FVS) сұрай алады. Сонда арбитр күмәнді сәтті видеоқайталаудан қарауға міндеттеледі.

Челлендж сұрау ережесі басқа да спорт түрлерінде бар. Мәселен, хоккейде челлендж сұраған команданың дұрыстығы расталмаса, бір ойыншысы 2 минуттық айыппен жазаланады. Ал, футзал мен теннисте челлендж алу мүмкіндігі күйіп кетеді.

Айта кетейік, VAR қарау ережесінің өзі футболға 2016 жылы енгізілді. Содан бері футболдың ажырамас бөлігіне айналып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или