Демеушілер дзюдошыларға қомақты сыйақы табыстады

Демеушілер дзюдошыларға қомақты сыйақы табыстады

Белгілі дзюдошылар Елдос Сметов пен Данияр Шамшаевқа еліміздегі өнім өндіруші компаниялардың бірі қомақты ақшалай сыйақы берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Париж Олимпиадасында чемпион атанған Елдос Сметовке 8 млн берілсе, 73 келіде Франция астанасындағы ойындарға қатысқан Данияр Шамшаевқа 4 млн теңге табысталды. Олимпиада ойындарынан кейін сый-сыяпатқа мейлінше кенелген Сметов үшін бұл соманы қалыпты қаржы деуге болады.

Себебі, Парижден оралған спортшыға ел бойынша өте құнды сыйлықтар табысталған еді. Мәселен, Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтер мен қымбат жол талғамайтын көлік берілсе, Ақтөбе облысында кәсіпкер 100 бас жылқы сыйға берді. Бұдан бөлек, Алматыдан 2 бөлмелі пәтер, құны 140 мың доллар тұратын көлік, бірнеше жеңіл көлік сыйға берілді. Сондай-ақ, Сметов Олимпиада чемпионы ретінде мемлекеттен 250 мың АҚШ долларын алды.

Естеріңізде болса, қазақстандық дзюшы Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде чемпион атанды. Ол 27 шілде күні татамиге шығып, Нидерланд, Украина, Тайпей, Испания, Франция дзюдошылар ұтты. Оның финалдық жекпе-жегін елдің президенті Э.Макрон арнайы келіп тамашалаған болатын. Сондай-ақ, ол өткен аптада Қ.Тоқаевпен бірге Елисей сарайында Макронның салтанатты дастарханында құрметті қонақ болды.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или