Хамза Шираздың бапкері шәкірті Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді

Хамза Шираздың бапкері шәкірті Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді

Орта салмақтағы британиялық боксшы Хамза Ширазбен жұмыс істейтін танымал америкалық жаттықтырушы Рикки Фуньес Prosports.kz сайтына шәкіртінің келесі жекпе-жегі қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен емес, басқа қарсыласпен өтетінін айтты.

«Біз Карлос Адамеспен жұдырықтасамыз. Неліктен? Онымен жекпе-жек Хамза үшін тиімді әрі мағынасы бар», - деді маман.

Бұған дейін WBO орта салмақтағы осы ұйымның және IBF чемпионы Әлімханұлын (16-0, 11 КО) Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жек өткізуге міндеттеп, қос тарапты келісімге келуге шақырған. Бірақ мерзім екі рет ұзартылса да, тараптар келісімге келе алмады.

Қазір көптеген инсайдер британ боксшысы ақпан айында Сауд Арабиясында WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен (21-1, 18 КО) кездеседі деп хабарлап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или