Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Талдықорғанда ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Бәсекеге 17 өңірден 212 спортшы (136 ер адам, 76 әйел адам) жиналды. Павлодар, Маңғыстау және Атырау облыстарының спортшылары жоқ. Бүгін ашылу салтанаты өтіп, алғашқы медальдар сарапқа салынды.
Бірінші күннің нәтижелері:
Әйелдер (45 кг)
1. Снежана Қашқарова (Жетісу облысы) - 128 кг (57+71)
2. Ирина Чумак (Қостанай облысы) - 105 кг (45+60)
3. Ясмин Жұматаева (Абай обл.) - 94 кг (42+52)
Әйелдер (49 кг)
1. Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) - 143 кг (63+80)
2. Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау облысы) - 137 кг (60+77)
3. Виктория Мурашкина (Қостанай облысы) - 120 кг (50 + 70)
Ерлер (55 кг)
1. Анатолий Грубов (Жетісу облысы) - 229 кг (110+119)
2. Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) - 218 кг (95+123)
3. Данил Корчагин (Ақмола облысы) - 212 кг (96+116)