Қазақстан және Корея құрамаларының капитандары ойын алдында пікір білдірді

Қазақстан және Корея құрамаларының капитандары ойын алдында пікір білдірді

Елордада Билли Джин Кинг кубогы аясында Қазақстан мен Корея құрамалары арасында өтетін плей-офф матчы қарсаңында команда капитандары мен ойыншылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағаламауға болмайтынын айтты.

«Команда мүшелерінің барлығы жиналды, жаттығып жатыр. Бәрі де бабында, денсаулығы жақсы. Қандай жағдай болмасын қарсыласты бағалау керектігін айтқым келеді. Иә, олардың бірінші ракеткасы келген жоқ, қалғандарымен біздің қыздар ойнап көрмеген. Дегенмен біз олардың шеберлігі қандай екендігін білеміз, дайындалатын боламыз. Ең бастысы, жеңеміз деп есептейміз. Толыққанды жақсы бәсекелестікке әзір болуымыз керек», деді Ю.Щукин.

Корея капитаны Юнбэ Ким жастарға сенім артқанын жеткізді.

«Біз жастарға мүмкіндік беру үшін Астанаға команда көшбасшысынсыз келдік. Біз жақсы дайындалдық. Керемет ойындар болады деп үміттенеміз. Менің білуімше, бұл екі команда арасындағы тоғызыншы ойын болмақ. Әзірге сіздің команда алда келеді. Бірақ 16-17 қарашада кортқа мүлдем басқа құрамалар шығады. Мақсатымыз біреу – жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алу», деді Ю.Ким.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или