«Екеуі де мықты»: ағайынды Оралбайлар көпшілікті соққысының күшімен таңғалдырды (видео)

«Екеуі де мықты»: ағайынды Оралбайлар көпшілікті соққысының күшімен таңғалдырды (видео)

Ағайынды боксшылар Нұрбек пен Айбек Оралбай соққысының күшімен көпті таңдай қақтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Динара Сәтжанның бағдарламасында қонақ болған қос боксшы арнайы құрылғыға соққы жасап, күшін көрсетті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Нұрбек оң қолымен соққы жұмсағанда, 2748 килограм нәтиже көрсеткенін байқауға болады. Ал оның сыңары Айбек Оралбай да дәл сол көрсеткішті қайталады. Алайда Нұрбек екінші мүмкіндігінде өз көрсеткішін тағы 19 килограмға арттырды.

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір білдіріп, егіз боксшының физикалық күшіне таңғалғандарын жазды. «Не деген соққы! Ұрғанын құлатады», «Егіздердің соққы күші де бірдей», «Екеуі де мықты», «Нұрбектің салмағы аз болса да соққысы жойқын», - деп жазды олар.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасында 80 кг cалмақ дәрежесінде күміс жүлде еншілеген еді. Ол финалда украиналық Александр Хижняктан жеңіліп қалды. Ал 92 кг салмақта сынға түскен Айбек Оралбай ширек финалда Лорен Альфонсо Домингеске (Әзірбайжан) есе жіберіп, Олимпиада ойындарын аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или