Қазақстан құрамасының капитаны «Билли Джин Кинг кубогындағы» қарсыласы туралы пікір білдірді
Қазақстан мен Корея құрамалары арасындағы «Билли Джин Кинг кубогының »плей-офф кезеңі қарсаңында команда капитандары мен ойыншыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин алдағы кездесу туралы ойын бөлісті.
«Бүкіл команда жиналды, осында, жаттығып, дайындалып жатыр. Бәрі бабында және дендері сау. Бірден айтамын, қарсыласыңды бағаламауға болмайды. Иә, олардың бірінші нөмірі келмеді, ал мұндағылардың ішінде біздің қыздар олармен ойнамады. Бірақ біз олардың қалай ойнайтынын білеміз, дайындаламыз. Мұндай турнирлерде қарсыластардың қандай көңіл-күймен шығатыны маңызды емес. Ең бастысы, біз жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Жалғыз нәрсе, олардың жас ойыншылары туралы бізде көп ақпарат жоқ. Толыққанды жақсы текетіреске дайындалуымыз керек. Біз байсалды және жинақы ойын көрсетуге тырысамыз», - деді Щукин.
Ойындар астаналық Beeline Arena жабық кортында өтеді. Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады және теннисшілер үш сеттен ойнайды. Жеңімпаз команда 2025 жылы сәуір айында өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеуіне жолдама алады.