«Мені балағаттады». Қазақстан құрамасының капитаны жанкүйермен болған жанжал туралы

«Мені балағаттады». Қазақстан құрамасының капитаны жанкүйермен болған жанжал туралы

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген УЕФА Ұлттар лигасы аясында Австрияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында Қазақстан чемпионаты аясындағы «Жеңіске» (1:2) қарсы ойыннан кейін жанкүйерлердің бірімен болған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Видеода не болып жатқаны дұрыс қабылданбады. Мен оны жеке-жеке шақырған жоқпын. Мен боксшы емес, футболшымын.

Мұны трибунадағылардың бәрі көрді. Бұл жігіт матчтың алғашқы минуттарынан-ақ мені арандатып, балағаттады. Оның қайда екенін көрдім де, ойын біткен соң онымен сөйлесейін деп қасына барсам, ол менімен боқтық сөздермен сөйлей бастады», - деді Тағыберген.

Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының капитаны ҚПЛ 24-турының матчында елордалық «Жетісудан» 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін шымкенттік клубтың жанкүйерлерімен жанжалдасып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или