Софья Самоделкина Tallinn Trophy турнирінде үшінші орын алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан Tallinn Trophy турнирінде қысқа бағдарламада үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Софья өз өнері үшін төрешілерден 53,98 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Бірінші орынды Бельгия өкілі Нина Пинзаррон 65,43 ұпаймен жеңіп алды. Екінші орын Канададан келген Сара-Мод Дюпуаның еншісінде – оның жинағаны 55,04 ұпай.
Спортшылар еркін бағдарламада 13 қараша күні өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или